Accessibility links

Мемлекет басшысы «ҚР Жоғарғы сот кеңесі туралы» заңға қол қойды


Аталған заң мемлекет басшысы жанындағы мекеме ретінде құрылатын Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесін бекіту мен жұмысын ұйымдастыруға, соттарды қалыптастыру, соттардың тәуелсіздігіне қол сұғылмауына кепілдігі жөніндегі оның конституциялық өкілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Бұл заң жобасы Жоғарғы сот кеңесі туралы заңның Конституцияға өткен жылдың мамыр айында енгізілген түзетулермен сәйкестендірілген жаңа редакциясы болып табылады. Заң жобасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен әзірленген. Жобада тәуелсіз сот билігін нығайту, аудандық соттардың рөлін бірінші сатыдағы сот ретінде күшейту мәселелері қаралған. Сонымен қатар Жоғарғы сот кеңесінің мәртебесі айқындалады. Судьялардың кәсіби сапасына қойылар талап көтеріліп, нақты іс қараған кездегі жауапкершілігі арттырылады.


XS
SM
MD
LG