Хорватия 1991-95-ші жылғы соғыста хорваттарға қарсы геноцид жасады деп Сербияның үстінен халықаралық Гаага сотына шағым түсірген болатын. 1999 жылы тапсырылған ол айыптау Слободан Милошевичтің тұсындағы Югославияға қарсы жасалған еді. Сербия болса Гаага сотының ондай істі қарауға хұқы жоқ деп отыр. Гаага соты мұндай пікірді кері қағуда.