Бүгін Астанадағы «Интерконтиненталь» қонақ үйінде ҚР Білім және ғылым министрлігі «Кәсіби білім және әріптестер арасындағы бизнес-сұхбат» деп аталатын халықаралық форум өткізеді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл форум экономика, отандық өндіріс, орта және шағын бизнесті мамандармен қамтамасыз ету, мемлекеттік құқықтық жобалар мәселелерін талқылауды мақсат етеді.