Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан сайланған АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлесіп, алдағы жұмысына табыс тіледі. Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме барысында Қазақстан жағының АҚШ-пен арадағы диалогты жалғастыруға мүдделі екені айтылған. Өз кезегінде Барак Обама Қазақстан президентінің құттықтауына ризашылығын білдіріп, АҚШ әкімшілігінің Қазақстанмен ынтымақтастықты бекіте түсуге әзір екенін жеткізген.