Accessibility links

Ресейде президент мерзімі ұзартылуы мүмкін


Ресей заңшығарушылары парламент отырысының екінші оқылымында президенттің биліктегі мерзімін 4 жылдан 6 жылға дейін ұзарту жөніндегі конституциялық өзгерісті мақұлдады. Бұл заң жобасын президент Дмитрий Медведев ұсынған болатын. Кей бақылаушылар конституцияға енгізілейін деп отырған бұл толықтыру премьер-министр Владимир Путиннің президенттікке оралуына дайындық болып табылады деген болжам айтуда. Парламенттің төменгі палатасы Дума аталған зоң жобасына байланысты үшінші оқылымында тағы дауыс беріп, оны парламенттің жоғарғы палатасы Федерация кеңесіне жіберуі тиіс.
XS
SM
MD
LG