Ирақ пен Түркия және АҚШ Күрдістан жұмысшылары партиясымен күресетін бірлескен комитет құруға келісті. Ирақ үкіметінің баспасөз хатшысы Әли әл-Даббағтың мәлімдеуінше, аталған комитет Түркия мен Ирақтың тұрақтылығына қауіп төндіретін Күрдістан жұмысшылары партиясының іс-қимылдарын қадағалайтын болады. Бұл туралы бүгін Бағдадта өткен кездесуден кейін хабарланды. Оған АҚШ елшісі Райан Крокер мен Түркияның ішкі істер министрі Бешир Аталай және Ирақ премьер-министрі Нури әл-Малики қатысты. Бағдад пен Вашингтон Ирақ пен Түркия арасындағы шекарада орналасқан Күрдістан жұмысшылары партиясын лаңкесттік ұйым деп есептейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?