Accessibility links

АҚШ-та сотталған бұрынғы дипломат Ресейге қайтарылды


АҚШ-та сотталған бұрынғы Ресей дипломаты Владимир Кузнецов Мәскеуге ұшып кетті. АҚШ Кузнецовты Ресейдің билік орындарына сейсенбі күні тапсырды, сөйтіп ол "Аэрофлот" ұшағымен еліне қайтарылды. БҰҰ комитетінің бұрынғы төрағасы Кузнецов өткен жылы АҚШ сотында лас ақшаны заңдастыру әрекетіне қатысы бар деп айыпталып, 51 айға түрмеге жабылған болатын. 2007 жылдың қазан айынан бері АҚШ-тың Алленвуд абақтысында ұсталған Кузнецов 6 қарашада қалған жаза мерзімін Ресейде өтеуге келісті.
XS
SM
MD
LG