Бүгін Ауғанстандағы үкіметтік құрылым ауданында жанкештілік шабуыл болды. Ондағы көлік жарылысынан екі полиция қызметкері мерт болып, бірнеше адам жараланды. Жергілікті ресмилер шабуыл Хост уәлаятындағы Доуманд ауданында болғанын айтып отыр. НАТО бастаған халықаралық қауіпсіздік күштері бұл шабуылдың болғанын растап, онда екі әскері жараланғанын айтты. Бұл шабуылға жауапкершілікті әлі ешкім алмады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"