Өскеменде «Бәрі тек рахмет үшін!» атты жаңа әлеуметтік дүкен ашылды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».
«Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының бастамасы бойынша құрылған бұл дүкен халықтың кедей бөлігіне арналған. Онда киім-кешек, аяқ киім, кітаптар, сөмкелер мен балаларға арналған заттар, қысқасы, бәрі бар. Барлық тауар тегін таратылады», — деді аталған қауымдастықтың аймақтық филиалының төрайымы Татьяна Цветкова.
«Заттарды дүкен ашылардан екі апта бұрын жинай бастадық. Біз тұрғындардан қажетсіз болған, бірақ жақсы жағдайдағы заттарын әкеліп беруді сұраймыз. Дүкен жұмыс істегелі небәрі 8 күн болса да, қазірдің өзінде 100 адам келді. Мұнда көбінесе зейнеткерлер мен кедей отбасылардағы студенттер көптеп келеді. Дүкен оқу орындарымен, қаладағы кәсіпорындармен, әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істейді», — деді ол.