Бұл туралы хабарлаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтаудың 11-ықшамауданындағы көппәтерлі үйде шыққан өрттің салдарынан 64 жастағы ер адам қайтыс болып, 12 адам көшірілді. Өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасының арқасында өрт сөндірілді.
Сондай-ақ Шымкент қаласының Лесков көшесіндегі жер үйде болған өрттің кесірінен 80 және 45 жастағы екі әйел уланып өлді.