Accessibility links

Алматыда транзиттік көлік қозғалысы шектеледі


Алматыда солтүстік, батыс, солтүстік-шығыс бағытымен «Үш қоңыр» автобекетіне дейінгі және шығыс бағытымен «Саяхат» автобекетіне дейінгі жолмен жүретін транзиттік көлік қозғалысы шектеледі, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі.

«Қала көшелеріндегі көлік ағынының көбеюіне байланысты жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ауа бассейнін сауықтыру мақсатында қалааралық, облысаралық және халықаралық бағыттар бойынша қаладан өтетін транзиттік көлік қозғалысын реттеу туралы қаулы қабылданды», — делінген баспасөз хабарламасында.


XS
SM
MD
LG