Accessibility links

Пәкістанда әуе шабуылынан 4 адам опат болды


Пәкістаннан келіп түскен хабарларға қарағанда, Ауғанстанмен шекарадағы Солтүстік Вазиристан аймағында бүгін әуеден соққы беріліп, кемінде 4 адам қаза тапқан. Зымыран шабуылын АҚШ әскерилері жасады деген болжам айтылып отыр.

Осы аптада Пәкістан өз жерінде болып жатқан әуе шабуылдарына байланысты Исламабадтағы АҚШ елшісіне наразылық танытқан болатын. АҚШ әскерилері жасады деп күдіктелген шабуылдар Талибан мен Әл-Қаида бүлікшілерін нысанаға алады.
XS
SM
MD
LG