Accessibility links

Грузиядағы төңкеріске 5 жыл толды


Бүгін Грузия бұрынғы президент Эдуард Шеварнадзені биліктен құлатқан төңкерістің 5 жылдығын атап өтуде. 2003 жылғы төңкерістің нәтижесінде қазіргі президент Михаил Саакашвили билікке келген болатын. Оппозиция қолдаушылары бірқатар наразылық шараларын өткізіп, Саакашвилиді қызметінен кетуге шақырмақшы. Осы жылдың тамыз айында жікшілдік Оңтүстік Осетия аймағына байланысты Грузия мен Ресей арасында соғыс орын алды. Оппозиция мүшелері Саакашвилиді соғыс барысында дұрыс жұмыс атқармады деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG