Accessibility links

Ақтауда театр фестивалі басталды


Бүгін Ақтау қаласында халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің 80 жылдығына арналған XVI республикалық театр фестивалі басталды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бір аптаға созылатын мәдени шараға Қазақстанның 12 өнер ұжымы қатысады. Н.Жантөрин атындағы облыстық музыка театрының алдында Жантөриннің ескерткішін ашумен басталатын бұл шара барысында маңғыстаулық көрермендер Қазақстан театрларының репертуарларындағы қойылымдарды тамашалай алады.

XS
SM
MD
LG