Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қалалық білім басқармасына әр мектепте видеобақылау жүйесін орнатуға міндеттеме жүктелді.
Бұл тапсырма Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің тарапынан жоғары және жалпы білім беретін оқу орындарында оқу-тәрбие процесін жетілдіру және Алматы қаласында тұратын жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда ішкі істер органдары мен білім беру жүйелерінің өзара байланысы жөнінде мәселе қараған кеңесте берілді.