Accessibility links

Үкімет 2009 - 2011 жылдарға арналған бюджетті қайта қарайды


Мұнай бағасының төмендеуін ескере отырып 2009 - 2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті қайта қарамақ болған Үкімет барлық әлеуметтік бағдарламалар орындалады деп уәде берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мен ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне 2009 жылы мұнайдың бір баррелінің бағасы 40 доллар, 2010-2011 жылдары бір барреліне 50 доллар тұрады деген есеппен 2009 - 2011 жылдарға арналған бюджетті қайта есептеп шығуға тапсырма бердім», — деді Кәрім Мәсімов.



XS
SM
MD
LG