Қазақстан өкілдері ертең Катарда басталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының дамуды қаржыландыру жөніндегі халықаралық конференциясына қатысады, — деп хабарлады ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев.
Е.Ашықбаевтың мәлімдеуінше, қарашаның 26-сы мен желтоқсанның 2-сі аралығында Катардың астанасы - Дохада өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының дамуды қаржыландыру жөніндегі халықаралық конференциясына қатысатын қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Дәненов бастап барады.