Accessibility links

Қазақстан банктері қарыздарын өтей алады


Өздерінің сыртқы қарыздары бойынша міндеттемелерін 2009 жылы да орындауға Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің шамасы жетеді. Бүгін журналистерге берген сұхбатында Ұлттық банктің төрағасы Әнуар Сайденов осылай деп мәлімдеді.
Оның хабарлауынша, жыл ішінде Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері 12 млрд. доллар төлеуге тиіс.
2009 жылы, деп атап көрсетті Ұлттық банктің төрағасы, банктер 10 мрлд. 600 млн. доллар берешегін өтейді.
Ә.Сайденовтің сөзіне қарағанда, 2008 жылдың қыркүйейгіне қарағанда, Қазақстан банктерінің сыртқы берешегі 41 млрд. долларды құраған.
XS
SM
MD
LG