Accessibility links

Косовоның тәуелсіздігін 43 ел мойындап үлгерді


БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдегендей, Сербия мен Косово ЕуроОдақтың миссиясымен бірлесіп іс атқаруға ниет білдірді. Осыған дейін ресми Белград ЕуроОдақ миссиясын Косовоға орналастыруға түбегейлі қарсы болып келді. ЕуроОдақтың өкілдері Косоводағы полиция мен соттың қызметтерін қадағалайтын болады.
Миссия желтоқсанның басында орналасып болуға тиіс. Осы күні өткен ақпан айында өзінің Сербиядан тәуелсіздігін бір жақты жариялаған Косовоны БҰҰ-на мүше 192 мемлекеттің 43 мойындап үлгерді.
XS
SM
MD
LG