Accessibility links

Қазақстанға БҰҰ өңірлік орталығының басшысы келеді


Қарашаның 28-де Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивті дипломатиясы жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Мирослав Енча Қазақстанға ресми сапармен келеді, — деп хабарлады ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Ержан Ашықбаев.
Ержан Ашықбаевтың мәлімдеуінше, сапар барысында ол Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулер өткізіп, Орталық Азия өңіріндегі кең ауқымды мәселелерді бірлесе талқылайтын болады.
XS
SM
MD
LG