Accessibility links

Парламент Салық кодексін қабылдады


Мәжіліс депутаттары бүгінгі өткен жалпы отырыста «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Салық Кодексінің жобасына сенат енгізген түзетулерді қабылдады.

Жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасайды, Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады. Ол елге келетін капитал ағымына ықпал етіп, экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Салық кодексін тікелей қолданылатын заңның принциптеріне сәйкес келтіру, салық органдары әрекеттерін терең регламенттеу, салықтық бақылау жүйесін құру салық жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықты азайтуға мүмкіндік беріп, салық органдары мен салық төлеушілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
XS
SM
MD
LG