Accessibility links

Тайланд оппозициясы әуежайды басып алды


Сәрсенбі күні Тайландта оппозицияны қолдайтын наразы жұрт ел астанасы – Бангкоктың басты халықаралық әуе жайын басып алды. Әуе- жай жабылып, 100-деген шетелдік турист елден ұшып шыға алмай отыр.
Ереуілге шыққан халық үкіметті таратуды талап етуде. Сәрсенбі күні таңертең оппозиция көсемдері ресми биліктің келіссөзге шақырған ұсынысын қабылдамады.
Осы күні таңертең Бангкокта 4 жарылыс болып, кем дегенде 4 кісі жараланды. 12 адамның жараланғаны туралы хабар бар. Премьер-министр Сомчай Вонгсаватаның уақытша кеңсесінің маңайында полициямен қақтығысып қалған тағы 10 шақты адам түрлі жарақат алды.
XS
SM
MD
LG