Accessibility links

Ауғанстанда 25 тәліптің көзі жойылды


Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында халықаралық коалиция әскерінің соғыс операциясы нәтижесінде кем дегенде 25 тәліптің көзі жойылды.
Ең ірі деген шайқастар сәрсенбі күні Кандагар облысында болып, 15 тәліп оққа ұшты. Тағы кем дегенде 10 тәліп сейсенбі күні Ауғанстанның оңтүстік-шығысында, Пәкістан шекарасы бойында мерт болды.
Жыл басынан бері Ауғанстандағы шайқастардың барысында 4 мыңнан астам, оның ішінде халықаралық күштердің 200-ден көп жауынгері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG