Accessibility links

Владикавказ әкімі қастандықтың құрбаны болды


Владикавказда қаланың әкімі Виталий Кораев қастандықтан қаза болды.
Құқық сақшыларының дерегі бойынша, сәрсенбі күні таңертең Кораев өз үйінен шыға берген сәтте оған тасадан оқ жаудырылған.
Интерфакс агенттігіне Солтүстік Осетияның президенті Таймураз Мамсуров хабарлағандай, ол осы қастандыққа байланысты төтенше мәжіліс өткізеді. Ресейдің Бас прокуратурасы құрамындағы Тергеу комитеті Владикавказ әкіміне жасалған қастандықтың тергелуін өз бақылауына алып отыр.
XS
SM
MD
LG