Еуропа Комиссиясы ЕуроОдақ экономикасының дағдарысқа төтеп беруіне көмектесетін жоспарды мақұлдады. Дағдарысқа қарсы жоспардың жалпы құны 200 млрд. еуроға бағаланып отыр.
Қыруар қаржы өнеркәсіптің дағдарыстан мейлінше жапа шеккен салаларын, оның ішінде автокөлік өндірісін қолдауға бөлінеді.
Оған қоса тұтынысты ынталандыратын шаралар ұсынылып отыр, атап айтқанда – қосымша құн салығының көлемі уақытша төмендетіледі.
Дағдарысқа қарсы шаралардың жоспары ЕуроОдақтың 11-12 желтоқсанда өтетін саммитінде мақұлдануға тиіс.
Өткен сейсенбі күні АҚШ-та елдің қаржы жүйесіне қосымша 800 млрд. доллар бөлінетіні жарияланды.