Accessibility links

Жетімдердің 98 пайызының денсаулығында кінәрәт бар


Қазақстанда балалар үйінде тәрбиеленетін жеткіншектердің 98 пайызының денсаулықтарында патология – кемшілік бар. Ол туралы денсаулық сақтау вице-министрі Қадыр Омаров хабарлады.
Оның айтуынша, 40 пайызға жуық баланың дене бітімі жетілмеген, 25 пайыздан астамы түрлі деңгейдегі анемияға шалдыққан, 16 пайызы асқазан мен рахит дертінен жапа шегеді.
Министрліктің дерегі бойынша, осы жылдың 1 қаңтарына қарағанда мемлекеттің қамқорлығында 4 жасқа дейін 2 мыңға жуық сәби болса, балалар үйінде тәрбиеленетін сәбилердің 80 пайызға жуығы тұл жетім болса, қалғандары тірі жетімдер.
Білім және ғылым министрлігінің дерегі бойынша, 1999-2008 жылдардың ішінде 7.317 жетім баланы шетелдіктер асырап алған.
XS
SM
MD
LG