Accessibility links

Ресей мен Венесуэла президенттері “сен” деп сөйлесті


Ресей Венесуэланың бейбіт мақсаттағы атом энергетикасын дамытуға көмектеседі. Венесуэла – 1958 жылдан бері МАГАТЭ агенттігінің мүшесі болып табылады және Каракаста “РосАтом” компаниясының төрағасы Сергей Кириенко мәлімдегендей, осы күнге дейін Венесуэлаға қатысты “ешқандай мәселе туған емес”.
Бұл – Ресей президентінің Венесуэлаға барған мемлекеттік сапарының барысында қол жеткен бір ғана келісім. Дмитрий Медведев пен Уго Чавес бір-бірімен “сен” деп сөйлесіп, мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдерге де келген көрінеді.
Сондай-ақ Медведев 1 баррель мұнайдың бағасы 80-100 шамасында болсын деген идеяны қолдады.
XS
SM
MD
LG