Accessibility links

Boeing 30 күн бойы адамсыз ұшатын ұшақ шығарады


Американың Boeing компаниясы жерге қонбай 30 күн адамсыз ұшатын ұшаққа патент алды. Жаңа ұшақ сұйық сутегімен жұмыс істейді.
Өшіп тұрған моторымен әуеде ұзақ қалқып жүре беруі үшін әуе кемесінің қос қанаты ұзын әрі өте жұқа. Ол көкте 18 шақырымға дейін көтеріле алады және 450 келі пайдалы жүк алып ұшады.
Ұшу аппаратының құрастырушылары кемені әскери мақсатта аэрофотосуреттер түсіру үшін ғана емес, ит мұрыны батпайтын алыс аумақтармен сымсыз байланыс орнату үшін де пайдалануға болатынын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG