Парламент мәжілісінің заңнама және сот құқықтық реформа жөніндегі комитетінің отырысында «БАҚ туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарауға қабылданды.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбайдың айтуынша, «журналист мемлекеттік қызметкерден немесе басқа біреуден жауап ала алмаған кезде сотқа емес, алдымен оның басшысына жүгіну керек еді, ал енді қазіргі ұсынып отырған өзгертулер мен толықтырулар ол мәселені де шешіп отыр, енді журналист сотқа жүгінуге болады».