ҚР үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің жанындағы Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында мемлекеттік тілді дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру келешегі сөз болып, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңына толықтыру енгізу туралы ұсыныс пен ҚАЗТЕСТ жүйесін ендіру жайы талқыланды.
Премьер-министр үкіметтің 2009 жылға арналған заң жобалары жоспарына сәйкес комиссия мақұлдаған заңдар жобаларын енгізу туралы, сондай-ақ ҚАЗТЕСТ жүйесін ендіру үшін нормативтік актіні әзірлеп, үкімет қарауына енгізуге тапсырма берді.