Accessibility links

Шетелдік инвестиция Қазақстанға ағылуда


Әлем экономикасындағы дағдарысқа қарамастан, биыл шетелдік тікелей инвестиция Қазақстанға өткен жылғы қарқынымен келіп жатыр. Ол туралы Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы барысында Қазақстанның өнеркәсіп және сауда министрлігіне қарасты инвестициялар бойынша комитеттің төрағасы Темір Нұрашев (Тимур Нұрашев) хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, өткен жылы Қазақстан шетелдік тікелей инвестиция тартуда бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті – оның көлемі 17 млрд. долларды құрады.
Т.Нұрашев атап көрсеткендей, 1993 жылдан бері қарай Қазақстанға 76 млрд. доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды.
XS
SM
MD
LG