Accessibility links

Ресей президенті Латын Америкасына сапарын аяқтады


“Бостандық аралының” астанасында Куба мен Ресей басшыларының келіссөзі болып өтті. Рауль Кастро мен Дмитрий Медведев сауда-экономикалық ынтымақтастығы мен энергетика және жоғарғы технолгиря сааларындағы қатынастарын кеңейтуге уағдаласты.
Д.Медведев Латын Америкасы елдеріне барған сапарын Кубаға келуімен аяқтайды, оның барысында Ресей лидері Перу мен Бразилияда және Венесуэлада болды.
Венесуэла президенті Уго Чавеспен өткізген келіссөзінің нәтижесінде ынтымақтастық туралы бірқатар келісімге, оның ішінде ядролдық қуат саласындағы шартқа қол қойылды.
XS
SM
MD
LG