Accessibility links

Шийттер Ирақ-АҚШ келісімін 3 күн аза тұтады


Жұма күні Ирақта мешіт маңайында болған жарылыстан кем дегенде 9 адам қаза болып, 15 кісі жараланды.
“Рейтер” агенттігінің мәліметі бойынша, қастандық Бағдад қаласында, ал “Франс Пресстің” хабарлауынша, Бағдадтан оңтүстікке қарай орналасқан Әл-Хилла қаласында болды. Жарылысты жанпидашыл-террорист іске асырды.
Осы күні-ақ Ирақ шийттерінің бітіспес рухани көсемі Мұқтада Ас-Садр қолдаушыларын бейбіт наразылық білдіруге шақырды және, оның өз сөзімен айтқанда, ұлттық парламенттің АҚШ армиясына 2011 жылдың соңына дейін Ирақта қалуына рұқсат беретін Келісімді мақұлдауына байланысты 3 күн аза тұтуға үндеді.
XS
SM
MD
LG