Accessibility links

Жапония Ираққа экономикалық көмегін көрсете береді


Жапония Ирақтағы әуемен жүк тасымалдау операциясын жыл соңында аяқтайды. Жұма күні Күншығыс елінің премьер-министрі Таро Асо мәлімдегендей, миссия көздеген мақсатына жетті – “Ирақ демократиялық билік орнатуға деген ниетін айқын көрсетті және елдегі қауіпсіздік жақсарды”.
Жапония Ирақтың оңтүстігіндегі Ас-Самава қаласына шамамен 600 жауынгерлік қайырымдылық миссиясын 2004 жылы орналастырып, ол 2006 жылы аяқталды. Ал әуемен тасымалдау операциясы 2006 жылы басталды.
Таро Асоның мәлімдеуінше, Күншығыс елі Ираққа экономикалық және технолгиялық көмегін жалғастыра береді.
XS
SM
MD
LG