Accessibility links

«Қазақмыс» корпорациясының жарғыш кеншісі қаза тапты


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды облысында «Қазақмыс» корпорациясының жарғыш кеншісі қаза тапты.

ТЖМ хабарлауынша, 31 жастағы жарғыш кеншінің қазасына себеп болған оқыс оқиға Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазганцветмет» өндірістік бірлестігінің «Жомарт» кен орнында қазба жұмыстары кезінде тау жынысының құлауы салдарынан орын алған.

XS
SM
MD
LG