Accessibility links

Алматыда жеңіл рельсті трамвай желісі салынады


Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалымен, Алматы қаласы жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармаларының қатысуымен өткен отырыста ұсынылған жобалар арасынан Құлжа жолы бойынан Алматы қалалық әуежайының терминалына дейінгі, Әл- Фараби даңғылы мен Дулати көшесі аралығындағы жол айрығы мен жеңіл рельсті трамвай желісінің құрылыстарын салу көзделіп отыр.

«Алматыда жолаушылар көлігінің дамымағаны айдан анық. Бұл экологияға да әсер етуде. Біз коммуналдық парктер салуды қолға алдық, метроны да аяқтайтын боламыз. Ал жеңіл рельсті желіні іске қосу — қажеттілік», — деді Ахметжан Есімов.
XS
SM
MD
LG