Пәкістан пезиденті Асиф Али Зардари Үндістанға қайырылып, өткен аптада Мумбайда болған шабуылдарға байланысты Пәкістанды жазаламауға шақырды. Британиялық "Financial Times" басылымына берген сұхбатында Зардари мемлекеттік емес жауынгерлік топтар жасаған Мумбайдағы шабуылдар сияқты арандатушылықтар ядролық қаруға ие екі көршілес елді соғысқа алып келуі мүмкін деп ескертті. Оның алдында Үндістан ішкі істер министрінің орынбасары Шакил Ахмад 10 күдікті исламшыл шабуылдаушының бәрі Пәкістаннан болып шықты деп мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы