Accessibility links

Райс Пәкістанды Үндістанмен ынтымақтасуға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Пәкістанды Мумбайдағы шабуылдарға байланысты Үндістанның тергеу ісіне ынтымақтастық пен “ашықтық” көрсетуге шақырды. Бұл туралы Кондолиза Райс бүгін Лондонға сапарының алдында журналистерге берген сұхбатында айтты. Ақ үйдің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы сейсенбі күні Брюсселде өтетін НАТО жиынынан кейін сәрсенбіде Үндістанға бармақшы.

Өткен аптада Мумбайда орын алған шабуылдардан 170-тен астам адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG