Өзбек үкіметі Тәжікстанмен арадағы шекарада барлық тексеру бекеттерін жауып тастады. Бұған не себеп болғандығын өзбек билігі түсіндірмеді. Тәжік үкіметінің мәлімдеуінше, Өзбекстан ресмилері шекараны жабу жөнінде тәжік үкіметін алдын ала ескертпеген. Бұл туралы Тәжікстан ресмилері Азат Еуропа / Азаттық радиосының тәжік қызметіне хабарлады. Хабарларға қарағанда, екі ел арасындағы шекара бейсенбіден бері жабық тұр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?