ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,ел аумағында болған үш жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі жараланған.
ТЖМ мәліметінше, Астананың Угольная көшесінде «Ауди» және «Мерседес» көліктері соқтығысып, соның салдарынан «Аудидің»25 жастағы жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, «Мерседес»көлігінің екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сондай-ақ Жамбыл облысының Мерке ауданындағы Рысқұлов көшесінде «Мерседес»көлігі ағашқа соғылып, апат салдарынан 44 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тауып, жүргізуші мен тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Тағы бір жол апаты Қарағандының Октябрь ауданында «Мазда» және «Тойота» көліктері соқтығысуының нәтижесінде орын алып, соның кесірінен«Мазданың»27 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан, «Тойотаның» 22 жастағы жүргізушісі мен 32 жастағы жолаушысы ауруханаға жатқызылды.