Accessibility links

Тайланд соты билік партиясын таратты


Сондай-ақ үкімет құрамындағы оның екі әріптес партиясы да биліктен аластатылды. Себебі Конституциялық сот 2007 жылдың желтоқсанында болған сайлау кезінде заңсыздықтар орын алған деп дәлелдеп отыр. Партия басшылары мен үкімет басшысы Сомчай Вонгсават саясатпен айналысудан бес жылға сот шешімімен шеттетілді. Бангкокта үкіметке қарсы шерушілер халықаралық басты әуе жай мен ішкі әуе жай қатынастарын өткен аптада тоқтатқызған болатын. Шерушілер бұл әрекеттерін тоқтатты. Жиырмадай шеруші сенбі күні үкімет басшысы ғимаратында болған жарылыстан жараланған екен. Сот шешімі осыдан кейін жасалды.
XS
SM
MD
LG