Accessibility links

Мемлекеттік рәміздер жөнінде кезекті отырыс өтті


ҚР президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақордада Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің жұмыстары туралы есептері тыңдалды. Сондай-ақ республикалық комиссияның 2009 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Отырыс барысында мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәкен Оңалсынұлы Ниязбековты 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

XS
SM
MD
LG