Осы жерге келген Бостандық аудандық прокуратурасының өкілі бұл жиынның заңға қайшы екенідігін айтып, алаңға жиналғандардың тарқауын сұрады. Алайда оның ескертуіне мойынсұнбаған үлескерлер алаңнан кеткен жоқ. Полицейлер наразы топтың арасынан Амангелді Шорманбаев есімді азаматты ұстап, осы жерде тұрған полиция автобусына күштеп отырғызды. Мұны көрген үлескерлер полицейлердің қарсылығына қарамастан Шорманбаевпен бірге әлгі автобусқа өз еріктерімен барып мінді. Симағандары сол жерде қалып, көлікке мінгендерді полиция Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне алып кетті.