Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елдің қауіпсіздік күштері шамамен 500 килограмм есірткіні тәркілеген. Тәжікстан - әлемнің ең ірі апиын өндірушісі деп есептелетін Ауғанстанмен шекаралас ел. Министрліктің мәлімдеуінше, ішінде 530 килограм есірткі болған жүк көлігі Душанбеден елдің солтүстігіндегі Худжанд қаласына бара жатқан жолда тоқтатылған.