Accessibility links

Пәкістан мен Ауғанстан басшылары Түркияда кездеспек


Түркиядан келіп түскен хабарларға қарағанда, Ауғанстан мен Пәкістан президенттері жұма күні Стамбулда кездеспекші. Хамид Қарзай мен Асиф Али Зардаридің келіссөздері екі ел арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған. Мұндай кездесуге Түркия осымен екінші рет арағайындық жасауда. 2007 жылы Қарзай Анкарада Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушаррафпен келіссөз өткізген болатын. Ауғанстан Пәкістанды бүлікшілерге қарсы соғыста жеткілікті дәрежеде әрекет етпей отыр деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG