Accessibility links

Құрылыс компаниясы журналист пен үлескерді сотқа берді


Алматыдағы «Спецстальнаб» ЖШС жергілікті «Время» газетінің тілшісі Мәдина Айымбетова мен оған сұхбат берген аталған компанияның үлескері Гуля Басығараеваны сотқа берді. Құрылыс компаниясы басшылығының айтуынша, газет тілшісі осыған дейін жарық көрген мақаласында үлескерлерден жинап алған 9,5 млн долларды компания дұрыс мақсатқа жұмсамады деп негізсіз айыптап жазған. Компания басшылығы мәселенің анық-қанығына жетпей компанияны айыптауға газеттің де, үлескердің де құқығы жоқ деп отыр.
Ал үлескер Гуля Басығараева мұнымен келіспейтінін айтып: «Мақалада тілші компания үлескерлерді алдап отыр деп кесіп жазбаған. Оның үстіне компания біздің жерімізді, үйлерімізді «Казкоммерцбанкке» кепілдікке беріп қойған. Олар бізден ақша жинап алды да, еш нәрсе тындырған жоқ, сонымен қоймай бізді сотқа беріп отыр» —деді Азаттық тілшісіне.
Осы мәселеге қатысты сот отырысы бүгін Жетісу аудандық сотында сағат 15.00 –де басталады.

XS
SM
MD
LG