Accessibility links

Сенат «Әлеуметтік қызметтер туралы» заң жобасын мәжіліске қайтарды


Сенаттың бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар «Әлеуметтік қызметтер туралы» заң жобасын талқылап, түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Аталған заң жобасы әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік жұмысты одан әрі заңнамалық тұрғыдан дамытуды, әлеуметтік инфрақұрылым мен әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру жүйесін жаңғырту негіздерін қалауды, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің субъектілерін, тұтынушыларын және орны мен рөлін айқындауды көздейді.

Жоба халыққа тегін көрсетілетін қолданыстағы әлеуметтік қызмет түрлерін, сондай-ақ ақылы негізде көрсетілетін кейбір жаңа әлеуметтік қызмет түрлерін жүйелендіруге мүмкіндік береді. Бұл заң жобасы бойынша мемлекеттік бюджеттен 2009 жылы - 9,6 миллиард теңге, 2010 жылы - 11,95 миллиард теңге, 2011 жылы - 18,7 миллиард теңге қосымша ақша жұмсалады



XS
SM
MD
LG