Accessibility links

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 20-мәжілісі өтуде


Бүгін Алматыда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 20-мәжілісі басталды. Мәжіліс барысында кеңестің қорытынды жұмысы қаралып, Қазақстандағы инвестиция мәселелері талқыға салынады.

Мемлекет басшысының жарлығымен 1998 жылдың 30-маусымында құрылған Кеңестiң құрамына Қазақстан Республикасынан премьер-министр, Ұлттық банк төрағасы, президент көмекшiсi, Сыртқы iстер министрi, Индустрия және сауда министрлігіндегі инвестициялар жөніндегі комитет төрағасы , Қаржы министрi, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi кіреді. Кеңестің мақсаты - республика үкіметі мен елде жұмыс істейтін шетелдік инвесторлар арасында тікелей диалог орнату, инвестициялық ахуалды жақсарту.

XS
SM
MD
LG