Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Алматы қалалық құтқару қызметінің пультіне Алмалы ауданында орналасқан Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің ғимараты аумағынан ішінде белгісіз заттары бар сөмке табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
«Тексеру барысында сөмкенің ішіндегі заттардың қауіп тудырмайтындығы анықталды. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ», — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.