Accessibility links

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты аурухананың сыртында қайтыс болды


Таразда Жамбыл облысының құрметті азаматы, КСРО мен Қазақстанның рационализаторы, Талас ауданының тұңғыш кенші инженері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 75 жастағы Нұрахан Оразбаев медициналық көмек көрсетілмей, дәрігерлердің немқұрайдылығының кесірінен қайтыс болды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Плеврит ауруы ушығып, дем алуы қиындаған зейнеткерді «Жедел жәрдем» көлігімен №2 шұғыл сырқаттарды қабылдайтын ауруханаға әкеледі. Бірақ ондағылар қарияны қабылдамай, учаскелік дәрігерден жолдама алып келуге кеңес береді. Қарттың дем алуы қиындаған кезде көмек талап еткен зейнеткердің зайыбын итеріп шығарып жіберіп, есікті іліп алған. Осылайша, аурухананың сыртында бір сағат жатып қалған қарт қайтыс болыпты.
Сот-медициналық сараптамасы зейнеткердің инфарктен қайтыс болғанын, бірақ дер кезінде көмек көрсетілсе, аман алып қалу мүмкіндігі болғанын анықтады. Сараптама нәтижесіне сәйкес, ҚР қылмыстық кодексінің 114-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зейнеткердің өліміне кінәлілерді бес жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

XS
SM
MD
LG